- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі жағдайда Қазақстан студенттері арасында патриотизмді нығайту» көшбасшылық дәріс
«Қазіргі жағдайда Қазақстан студенттері арасында патриотизмді нығайту» көшбасшылық дәріс
2024 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында ҚР Президентінің Жолдауын, ҚР-ның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының және ТДМ-4 іске асыру аясында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының басшысы, ҚР ҚМ радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник, Д.Г. Ариповтың «Қазіргі жағдайда Қазақстан студенттері арасында патриотизмді нығайту» тақырыбында көшбасшылық дәрісі өткізілді.
Д.Г. Арипов қазіргі жағдайда Қазақстан студенттері арасында патриотизмді нығайтудың өзектілігіне ерекше назар аударды. Қазақстан жастары арасындағы патриотизм туралы студенттердің қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді.
Көшбасшылық дәріс заң факультетінің деканы, з.ғ. к., доцент У.А. Ахатовтың алғысөзімен ашылды. Көшбасшылық дәріске ҚР ҚМ радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының қызметкерлері, подполковник Н. К. Абдумуратов, запастағы полковник С.Е. Сүлейменов, аға оқытушылар: С.К. Мұратбекова, Г. А. Зверева, О.С. Колыков қатысты. Мұнан басқа, көшбасшылық дәріске қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.Е. Керімбек қатысты.
Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті бойынша шолу экскурсиясы өткізілді. Қонақтарға университет туралы пайдалы және қызықты ақпараттар, оның құрылу тарихымен, мұражаймен, оқу ғимараттарымен, кітапхана ресурсымен, ахуалдық орталықпен және т.б. танысуға мүмкіндік берілді.
Кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ. д., профессор Қуаналиева Гүлдана Амангелдиевна ғылыми семинарға қатысқан қонақтарға алғысын білдіріп, іс-шараны қорытындылады.
Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.