Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел
⚖️Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел⚖️
📌25.09.2024 ж.сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған білім беру📚 сипатындағы шаралар кешенін іске асыру шеңберінде қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары студенттермен қызықты әрі мазмұнды дөңгелек үстел өткізді.
👩🎓👨🎓Талқылау барысында студенттер өзекті сұрақтарын 💬қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектілерін талқылай алды. Оқытушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің маңыздылығы және әрқайсымыз адал және әділ қоғам құруға қалай үлес қоса алатынымыз туралы айтып берді.
💡 Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру проблемаларды түсінуден және әрқайсымыздың оларды шешуге белсенді қатысудан басталатынына сенімдіміз. Болашақты сыбайлас жемқорлықсыз бірге құрайық!