"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері”Farabi University

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері”

27 қыркүйек, 2024

27 қыркүйек күні 2024 жылы Қ.Р. Ұлттық ғылым академиясының ғимаратында (ТМС) 17 сәйкес "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері” бойынша Ұлттық ғылым академия қызметкерлерімен кездесу өтті.

Семинар қатысушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «мемлекет және құқық теориясы мен  тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының доценты Мынбатырова Нурлайым Канбатыровна және Каспи университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Акимбекова Саида Аминовна. 

Іс-шараға академия қызметкерлері қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқықтық мәдениетті дамыту және этикалық нормаларды сақтау тақырыптарын талқылады.

Кездесу барысында жемқорлықтың алдын алу, қоғамдық бақылауды күшейту, құқықтық мәдениетті арттыру бойынша ұсыныстар мен тәжірибелермен алмасу өтті. Мамандар тыңдалды, пікірлер айтылды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектілері қарастырылды.

Спикерлер мен академия ғалымдары еліміздің ғылыми қауымдастығында адалдық пен ашықтықты нығайту жолындағы жауапкершіліктерін атап өтті. Мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы