2024 жылдың 30 қыркүйегінде «6В01704-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4-курс студенттері Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асырудағы Қазақстанның рөлін, сондай-ақ осы мәселедегі қазақ жастарының үлесін талқылады. Студенттер БҰҰ құжатындағы Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы жоспарлар мен Қазақстанның негізгі стратегиялық құжаттарында көрсетілген елдің басымдықтары мен міндеттерінің сәйкес келетінін басшылыққа ала отырып, еліміздің Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруды белсенді түрде қолдайтынын атап өтті.
Талқылау барысында студенттер Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру проблемасына ерекше назар аударды. Кедейлікті жою – Тұрақты даму мақсаттарының күн тәртібінде белгіленген 17 мақсаттың біріншісі. Баяндамашылар әлем халқының 10%-дан астамы әлі де денсаулық сақтауға, білім беруге және таза су мен санитарияға қол жеткізе алмай, негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін күресіп, кедейлікте өмір сүріп жатқанын атап өтті. Студенттер кедей және осал адамдардың негізгі қызметтерге, жерді және меншіктің басқа нысандарын, табиғи ресурстарды иеленуіне, тиісті жаңа технологиялар мен қаржылық қызметтерге тең қол жеткізуіне үлес қосуға шақырады.
Ұйымдастырушылар: Г.С. Нәбиева, А.М. Досанова және «6В01704-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4-курс студенттері.