- Басты бет
- Жаңалықтар
- МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ ДОКТОРАНТУРАДА ОҚУ ҮШІН «АБАЙ-ВЕРН» СТИПЕНДИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ ДОКТОРАНТУРАДА ОҚУ ҮШІН «АБАЙ-ВЕРН» СТИПЕНДИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлектері Баймағамбетова Шолпан мен Өміралиева Нұржауған «Абай-Верн» шәкіртақысын ұтып алды.
Баймағамбетова Шолпан мен Өміралиева Нұржауған - механика кафедрасында жүзеге асырылатын «7М05405-Механика және энергетика» қос дипломды білім беру бағдарламасының 2023 жылғы түлектері, жаратылыстану ғылымдарының магистрлері.
Олар Франция университеттерінде ғылыми жұмыстарын жалғастыру мақсатында докторанттарға арналған «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасының байқауына қатысып, стипендияны жеңіп алды. Шешім француз-қазақ бірлескен комиссиясының отырысында қабылданды.
«Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Франция Республикасының Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы болып табылады.
«Абай-Верн» бағдарламасының стипендиаттары 3 жыл бойы жылына 6 айға 1500 еуро (ҚР Ұлттық Банкінің бағамы бойынша) көлемінде ай сайын берілетін тұрмыстық стипендиясын, сонымен қатар BCS Француз үкіметінің әлеуметтік стипендиясын алатын болады.
Франция үкіметінің BCS әлеуметтік стипендиясы келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
- мемлекеттік жоғары оқу орындарына тіркеу жарнасын төлеуден босатылады;
- Шенген аймағына тегін ұзақ мерзімді студенттік виза беріледі;
- . CROUS студенттік тұрғын үйіне қол жеткізу;
- студенттер асханаларында жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша тамақтану;
- тегін қосымша медициналық сақтандыру;
- Campus France агенттігінің ақпараттық қолдауы.
2024 жылы француз-қазақ бірлескен комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша 51 кандидат мақұлданған (46 магистрант, 5 докторант). Оның ішінде 2 докторант «Механика» кафедрасының «7М05405-Механика және энергетика» қос дипломды білім беру бағдарламасының түлектері, магистрлер Баймағамбетова Шолпан мен Өміралиева Нұржауған екенін қуана жеткіземіз. Бұл біздің кафедрамыз үшін де, университетіміз үшін үлкен жетістік деп білеміз.
«Абай – Верн» стипендиясы докторанттардың халықаралық деңгейде білім алып, ғылыми жетістіктерге жетуіне, яғни 4-ші тұрақты даму саласындағы мақсаттардың (ТДМ) сапалы білім алуға жаңа мүмкіндіктер береді.
Туралина Динара Елеусизовна.
Механика кафедрасының меңгерушісі