ТДМ-3: «Салауатты өмір салты және тірек-қимыл жүйелерін қалпына келтіру: остеохондроз, сколиоз, плоскостопия» тақырыбында семинар өтті

1 қазан, 2024

   Университетімізде №5 қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлерінің қатысуымен 1 қазан күні «Салауатты өмір салты және тірек-қимыл жүйелерін қалпына келтіру: остеохондроз, сколиоз, плоскостопия» тақырыбында семинар өтті. Семинарға университетіміздегі Механика-математика, Ақпараттық технологиялар, Биология және биотехнология,  Химия және химиялық технологиялар, Экономика және бизнес Жоғары мектебі, География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері қатысты. Семинарды №5 қалалық клиникалық аурухананың терапия бөлімінің меңгерушісі Жақсыханов Еркебұлан Жанболатұлы мен оңалту бөлімінің меңгерушісі Құмаров Айман Әділбекқызы жүргізді.

   Семинар барысында студенттер аурухана қызметкерлерімен, көрсетілетін қызметтермен толық танысты. Сондай-ақ тіркеуде бар студенттерге ауруқанада тегін көмек көрсетілетіндігі жөнінде ақпарат берілді. Студенттер жоғарыда аталған аурухананың университет қалашығындағы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында арнайы филиалының бар екендігін, шұғыл көмек жағдайында сол жердегі дәрігер-мамандардың көмегіне жүгінуге болатындығы жөнінде білді.

   Ауруханадағы оңалту бөлімінің меңгерушісі Құмаров Айман Әділбекқызы тірек-қимылға байланысты туындайтын аурулар, ондай аурулардың жазылуы қанша уақыт алатыны, тірек-қимыл жүйесіне зақым келген жағдайда не істеуге болмайтындығы жөнінде  студенттерге мол ақпарат берді. Медицина қызметкерлерінің қатысуымен өткен бұл семинар студенттеріміз үшін пайдалы әрі тың ақпараттарға толы болды.