🌟 ТДМ 2 аясында және Халықаралық қарттар күніне орай 🌟
2 қазан, 2024
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Әділет» клубының мүшелерімен және студенттермен бірге қарттар үйіне барып, қарттарға әлеуметтік демеу жасап қайтты.
Бұл іс — шара «Аштықты жою» тұрақты даму мақсатын іске асырудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ қарт адамдарға қамқорлық пен көңіл бөлуге мүмкіндік берді. Студенттер тұрғындармен сөйлесіп қана қоймай, жылы және достық атмосфераны құруға көмектесетін әлеуметтік қолдау көрсетті.
Біз мұндай бастамалар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететініне және біздің көмегімізге мұқтаж адамдарға қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсететініне сенімдіміз. 💖