5 -ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыныFarabi University

5 -ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны

13 қыркүйек, 2024

Халықаралық дәрежеде үлкен маңызы бар 5-«Дүниежүзілік көшпенділер ойыны»  2024 жылы Қазақстанда өткізілуі ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей  қолдауы арқылы кең көлемде сапалы жағдайда 8-13 қыркүйек арасында Астана қаласында өткізілді. Көшпенділер ойынына 89 елден өкілдер мен спортшылар қатысып 21 этноспорт түрлерінен жарыстар өткізілді.   Дүниежүзілік көшпенділер ойынын Қазақстанда өткізу халықтар арасындағы достықты нығайту, этностардың ұлттық ойындары мен спортын сақтауға, дамытуға ерекше ықпалы болды.

Осы үлкен шара аясында «Көшпенді халық: тарих, таным, тағлым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді, ол  «Тарих және мәдениет», «Спорт ғылымы»,  «Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануы» секциялары бойынша үш күн Қазақстан Республикалық Ұлттық мұражайында жұмыс жасады, оған 40 астам елдің ғалымдары мен зерттеушілері қатысты. Осы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, медицина және денсаулық сақтау факультеті, дене тәрбиесі және спорт кафедрасы профессоры, п.ғ.д., Алимханов Елемес «Халықтардың дәстүрлі ойындары мен этноспорт түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізудің ғылыми-әдістемелік негізі» атты баяндама жасады. Баяндама «Дүниежүзілік көшпенділер ойыны» ережесін халықаралық стандартқа сәйкестендіріп дамытуға қажет екендігі аталып өтіліп, ғылыми конференцияның қортынды қарарына енгізілді. Ғылыми конференциядағы баяндамалар мазмұндары қазіргі инновациялық зерттеу жұмыстарын кеңінен енгізу арқылы халықтардың спорттық ойындары, жылқы шаруашылығы, адамдардың тамақтануы, дәрігерлік медициналық қамтамасыз етілу, дәстүр, тарих, мәдениет т.б.сала тақырыптарын кеңінен қамтыды. Осы аз зерттелген ғылыми бағыттарды Жоғары оқу орындарында зерттеу тақырыптары ретінде кеңінен қолдануға болатындығы айтылды. Түркиядағы дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы ЖОО  докторатурасында осы бағыттар бойынша тақырптар алып зерттеулер жүргізетін студенттерге арнап ай сайынғы  арнайы степендия тағайындалып отырғанын жеткізді.