- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Денсаулық сақтау үшін информатика және деректерді өңдеу» бойынша екінші семинар өтті.
«Денсаулық сақтау үшін информатика және деректерді өңдеу» бойынша екінші семинар өтті.

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің директоры, Даниярова Анара Бахиткереевна және ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және big data кафедрасының меңгерушісі Мансурова Мадина Есимхановна «Денсаулық сақтау үшін информатика және деректерді өңдеу» бойынша екінші семинарға қатысты. Бұл маңызды іс-шара 2024 жылдың 23-24 қыркүйегінде Грузияның Тбилиси қаласында өтті.
Аталған семинардың мақсаты-елдердің қоғамдық денсаулық сақтау үшін деректермен және информатикамен жұмыс істеуге қабілетті жұмыс күшіне деген қажеттіліктерін айқындау үшін Қазақстанның, Молдованың және Грузияның әртүрлі секторларымен ынтымақтастық жасау және әлеуетті орнықты нығайту үшін қажетті жұмысқа дейін және жұмыс уақытында біліктілікті арттыру перспективаларын талқылау. Тбилисидегі Семинар осы жұмыс күшінің қажеттіліктері мен тұрақты дамуы туралы жан-жақты түсінігі бар осы саладағы көшбасшыларды тартуға бағытталған; Қазақстанда, Молдовада және Грузияда жүргізілген нарықты, сұраныс пен ұсынысты бағалау нәтижелері ұсынылды; тұрақтылықты қамтамасыз етудің әлеуетті жолдарын белгіленді.
Басқа жаңалықтар


