- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ-4: «Білім беру саласында студенттер арасында «бопсалау», «талап қою» және «буллинг» фактілерін анықтау» бойынша ақпараттық-түсіндіруге байланысты дәріс өтті
ТДМ-4: «Білім беру саласында студенттер арасында «бопсалау», «талап қою» және «буллинг» фактілерін анықтау» бойынша ақпараттық-түсіндіруге байланысты дәріс өтті
Университетіміздің студенттері үшін 2 қазан күні Алматы қаласындағы оқу орындарының студенттері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Бостандық ауданының Полиция департаментінің қатысуымен «Білім беру саласында студенттер арасында «бопсалау», «талап қою» және «буллинг» фактілерін анықтау» бойынша ақпараттық-түсіндіруге байланысты дәріс өтті.
Бұл дәрісті Алматы қаласы ІІД ұйымдасқан қылымсқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция мойоры Айдарханов Ерболат Айдарханұлы жүргізді. Дәріс барысында бүгінгі күні жастар арасында белең алып жатқан құқықтық тәртіп бұзушылыққа қатысты «бопсалау», «талап ету» және «буллинг» тақырыбы кеңінен сөз болды. Олардың адам өміріне тигізетін зардаптары мен зияны дәріске қатысушы студенттерге толық айтылды. Сондай-ақ студенттерге осы аталған тақырыптардың өмірдегі шынайы көрінісі арнайы бейнеролик арқылы көрсетілді. Бейнероликте «бопсалау», «талап қою» және «буллинг» сынды дүниелердің түбі не нәрсеге апаратынын ойламай әрекет еткен және болмашы ғана істен бастаудың салдары үлкен қылмыстарды жасауға жеткізетінін кеш түсінген жастардың темір торға тоғытылғаннан кейін ғана өкінгенін, өзінің әрекетінің дұрыс емесін кеш түсінгені жайындағы оқиға керемет баяндалған.
Оқу ордамыздың студенттері дәріс соңында өздерін ойландырған сұрақтарын полиция мойоры Ерболат Айдарханұлы қойып, сұрақтарына нақты жауап алды. Бұл дәріс студент жастарымыз үшін маңызды тақырыптарды көтерді және пайдалы болды.