- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Супер Кубок BRICS+ Future Skills & Tech Challenge» халықаралық чемпионатына механика кафедрасының командасы қатысты.
«Супер Кубок BRICS+ Future Skills & Tech Challenge» халықаралық чемпионатына механика кафедрасының командасы қатысты.
2024 жылдың 22-27 қыркүйек аралығында Татарстан Республикасының (РФ) Казань қаласында «Супер Кубок BRICS+ Future Skills & Tech Challenge» халықаралық чемпионатының финалдық кезеңі өтті. Ол «Казан ақпараттық технологиялар және байланыс техникумы» (ГАБОУ «МЦК-КТИТС», Казань қ.) базасындағы Халықаралық құзыреттер орталығында ұйымдастырылды.
BRICS-2024 Суперкубогына Қазақстан, Әзербайжан, Бразилия, Беларусь, Вьетнам, Гана, Үндістан, Иран, Қытай, Колумбия, Қырғызстан, Марокко, Ресей, Сальвадор, Филиппин және Оңтүстік Африка Республикасы сияқты BRICS Plus елдерінен 500-ден астам қатысушы мен сарапшылар қатысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан Механика-математика факультеті, механика кафедрасының студенттері: Галимов Әлібек, Даненов Нұржан, Шаймарданов Ақниет және Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Молжігітов Жасұлан қатысты. Команданы жетекшілік еткен – т.ғ.к. Александр Валентинович Ким.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы «Цифрлық өндіріс» құзыреттілігі бойынша жарысқа қатысып, кәсіби білімдері мен дағдыларының арқасында барлық тапсырмаларды сәтті орындады. Мұндай жарыстарға қатысу 9-шы Тұрақты даму мақсатына (ТДМ) — «Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым» қол жеткізуге ықпал етеді.
Чемпионат нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы BRICS Plus елдері арасындағы барлық қатысушылардың ішінде 3-орынды, ал қазақстандық командалар арасында 1-орынды иеленді.
Б.И. Ахметова
Ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі механика кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы, PhD