- Басты бет
- Инклюзивті орта
- ТДМ-4: «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті
ТДМ-4: «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметі бірлесіп, ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында 3 қазан күні Экономика және Бизнес Жоғары мектебі мен Заң факультеті студенттеріне арнап «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Аталған семинар-тренингке келген студенттер көшбасшылық қасиеттерді дамытудың маңыздылығы және оны кәсіби тұрғыда пайдаланудың қыр-сырымен танысып, өздеріне керекті көптеген маңызды ақпараттар алды. Семинар барысында көптеген мысалдар келтіріліп, студенттер өз өмірінен көшбасшылық қабілетке байланысты оқиғаларымен бөлісті.
Семинарда келесідей тақырыптар айтылды:
- көшбасшылық дүниетаным ұғымы және оның шығу тарихы
- көшбасшылық қасиеттің белгілері және олардың түрлері
- оны игеру және дамыту
- көшбасшылық дүниетанымын ғылыми тұрғыда қарастыру
Сонымен қатар семинар барысында студенттер үшін адамның бойында әртүрлі тұлғалық кәсіби дағдыларды дамытатын психологиялық топтық ойындар ұйымдастырылды. Топ басшысын анықтауға арналған психологиялық ойындар, коммуникативті дағдыларды дамытуға арналған ойындар студенттердің мүмкіншіліктерін толықтай аша алды.