ТДМ-2: ҚазҰУ-да күзгі жәрмеңке болды
Қазақ білімінің қара шаңырағы саналатын университетімізде 6 қазан күні күзгі жәрмеңке болды. Күздің жайма шуақ күнінде ұйымдастырылған бұл жәрмеңкеге университетіміздің Оқу агробиозертханасының өнімдері, әртүрлі қолөнер бұйымдары, ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар, ұлттық бас киімдер, тақиялар, қазақы оюмен әрленген қолдорбалар, сөмкелер, төсеніштер, әдемі безендірілген қойын дәптерлер мен кітаптар, ұлттық аспаптарымыздың әуенін әуелеткен қуыршақтар мен ойыншық қонжықтар ұсынылды.
Университетімізде Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында аталған күзгі жәрмеңкемен қатар ТДМ-2: «Аштықты жою» бойынша қалашықта студенттерге арнап үлкен көлемдегі 5 қазанға 125 кг палау мен 100 кг бауырсақ пісіріліп, ыстықтай тегін таратылды.
Жәрмеңкеге келуші студенттердің барлығы өздері ұнатқан бұйымдары мен заттарын, көкөністерін сатып алып, ыстық бауырсақ пен дәмді палаудан дәм татып, көңілді тарқасты.