ТДМ-4: Студенттер театрда «Болмаған балалық шақ» қойылымын тамашалады
Оқу ордамыздың студенттері үшін қазан айы бұл – театр айы. Студент жастарымыз тәрбиелік маңызы зор, өмірдің шынайы оқиғаларын әдемі сурттейтін театрға жиі барады.
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 1 қазан күні белгілі ақын, жазушы Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шығармасын сахналайтын қойылым көрермендер назарына ұсынылды. Бұл қойылымды тамашалауға оқу ордамыздың Механика-математика факультетінің студенттері барды.
Аталған қойылым еш қоспасы жоқ шынайы өмірге негізделген. Жұмыр басты пенденің ең бақытты шағы – балалық кезең екені даусыз. Ал, болмаған балалық шақтың қандай болатынын көп адам түсініп, түйсіне бермейді. Әкеден жастай айырылып, бауырына жоқтау айтып, анасынан тірідей жетім қалған бақытсыздың басынан кешкендері тағдырдың қиын да қилы тармақтарының бар екендігіне шүбәсіз сендіреді.
Болмаған балалық шақ қойылымын тамашалаған студенттерімізге бұл қойылымның ерекше әсер еткені, ұнағаны театрдан шыққан сәттегі жанарларнан байқалды.