2024 жылғы 8 қазанда Экономика кафедрасы «6В04103 – Экономика» мамандығының 4-курс студенттерімен «Ұлттық экономика» пәні аясында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара "Кедейшілік мәселесі" тақырыбында Тұрақты даму мақсатының 1-ші мақсаты: «Кедейшілікті жою» шегінде ұйымдастырылды. Бұл шара заманауи қоғамдағы өзекті әрі күрделі мәселелердің бірін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар кедейшіліктің негізгі себептерін, соның ішінде экономикалық теңсіздік, жұмыс орындарының жетіспеушілігі, білім деңгейінің төмендігі және ресурстарға қолжетімділіктің шектеулілігі мәселелерін талдады.
Талқылау барысында студенттер өздерінің зерттеулерін таныстырып, кедейшілікті азайтуға бағытталған жаһандық және жергілікті бастамалардың тиімділігі туралы пікірлерімен бөлісті және үздік халықаралық тәжірибелерді қарастырды. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған стратегияларды әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Іс-шара кедейшілікті жою кешенді көзқарасты талап ететінін, ол үшін мемлекет, қоғам және бизнестің күш-жігерін біріктіру қажет екенін көрсетті. Студенттер халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты шаралар мен идеялар ұсынды және экономикалық реформаларды әлеуметтік қолдау және даму бағдарламаларымен біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел кедейшілікті жою тек экономикалық міндет қана емес, әр адамның қатысуын және қолдауын қажет ететін моральдық борыш деген қорытындымен аяқталды.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы және модераторы: PhD, аға оқытушы Г.К.Иляшова.