Тарихшы ғалымдар Есік қаласындағы №6 қазақ орта мектеп-лицейінде қонақта
2024 жылы 9 қазанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Тарих факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы – «Сапалы білім беру» бағыты аясында Алматы облысы, Есік қаласындағы №6 қазақ орта мектеп-лицейінде «Ұлы Дала – Мәңгілік Ел» тақырыбында 10 - 11 сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері кездесу өткізді.
Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлық-оқытушылары құрамы - ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, т.ғ.к., доценттер Нүрпейіс Талдыбек Әліұлы, Ноянов Еділ Ноянұлы, Арынов Жумакан Маканұлы қатысты. Сөз алған Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, оқушыларға тарих ғылымының адамзат тарихында алатын орнына тоқталып, бірнеше мың жылдық тарихы бар «Қазақстан тарихы» пәніндегі «Ұлы Дала», «Мәңгілік ел» терминдері мен идеяларының мән мазмұнын аша келіп, университет жайлы және факультетте дайындайтын білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен таныстырды. Доцент Талдыбек Әліұлы бірнеше мың жылдық Отан тарихы жайлы шолу жасаса, Еділ Ноянұлы Қазақстан тарихының бүгінгі жастардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудағы алатын орны жайлы пікірімен бөлісті. Жұмакан Маканұлы ежелгі сақтардың Жетісу өңірі тарихында алатын орнына тоқталды. Шараға қатысушы ғалымдардың барлығы аталған мектептің жоғары сынып оқушыларын таяудағы болашақта университетте білім алуға шақырды.
Кездесудің соңында «Қазақстан тарихы» кафедрасы ғалымдары мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді.. Өз кезегінде, мектеп мұғалімдері мен оқушылары тарих факультеті оқытушыларын өздерінің мектептеріне келіп, мемлекеттік мерекелер мен тарихи тақырыптарға қатысты шараларға қатысуын және әрқайсысы бір сағаттық Лидерлік дәріс оқып беруі туралы өтініштерін білдірді.
Шараны ұйымдастырушы: Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушы Ж.М. Арынов