Салауатты өмір салты мен әл-ауқат» ТДМ мақсаттары шеңберінде ТД бойынша ЮНЕСКО кафедрасы «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Экоинжиниринг», «Экология», «Геоэкология» БББ оқытушылары мен студенттеріне Аюсай шатқалына саяхат ұйымдастырылды.
Саяхаттың басты мақсаты – Алматы қаласының айналасындағы табиғаттың көрікті жерлерін тамашалау ғана емес, сонымен қатар, студенттерді салауатты өмір салтын ұстанудың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Саяхат студенттер мен мұғалімдердің танысуына, ұжымдық рухты нығайтуға, 1 курс студенттерімен танысу, оларды қатарға алу және Ұстаздар күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізуге ықпал етті.
Бұл іс-шара да Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және жастарды белсенді қоғамдық өмірге тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлетін міндеттерге сәйкес ұйымдастырылды. Саяхат осы басымдықтарды жүзеге асырудағы, білім беру, экологиялық сана мен қатысушылардың физикалық денсаулығы арасындағы байланысты нығайтудағы практикалық қадам болды.