ТДМ-4: «Жемқорлықтан тыс университет» жобасы аясында семинар өтті

15 қазан, 2024

Университетіміздің Химия және химиялық технологиялар факультетінің студенттері үшін 15 қазан күні «Жемқорлықтан тыс университет» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда білім беру сипатындағы семинар өтті.

Бұл семинарды университет ректорының кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы мен комплаеннс бақылау қызметінің мамандары жүргізді. Семинарда жемқорлықтың қоғамдағы өршіп тұрған дерт екендігі, оның қазіргі күні тигізетін зияндары туралы айтылып, студент жастарға ақпарат берілді. Сонымен қатар жемқорлыққа қатысты жағдайлар орын алған кезде қалай әрекет ету керектігі жөнінде де толық түсіндірілді.

Студент жастарымыздың адалдық пен әділдіктің жағында болуы, кез келген жағдайда шапшаң, ақылмен әрекет ете алуына осы іспеттес семинарлардың тигізер пайдасы мол.