«Туризм» мамандығының студенттері Фурманов шыңын бағындырды
Ағымдағы жылдың 20 қазан күні География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары Бейсахмет А.А., Әділбай Б.С. бастамасымен тұрақты дамудың үшінші мақсаты: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында «Мен денсаулықты таңдаймын! Ал сен ше?» тақырыбында денсаулық сағатын өткізу мақсатында Іле Алатауының Алматы қаласына ең жақын шыңдарының бірі Фурманов шыңына демалыс күнгі тау жорығы ұйымдастырылды.
Жорықта, 1 курс студенттері Кіші Алматы шатқалының көркем табиғатымен, әсем орындарымен және өзгеде туристік соқпақтарымен танысты. Жорық барысында студенттер Кімасар асуынан өтіп, шыңға барар жолда тауда орналасқан әткеншекте естелік суреттер жасап, Іле Алатауының ең биік нүктесі Талғар шыңына(5017м) көз жүгіртті. Шыңға жалпы саны 27 студент көтерілді.