«Қазақстан Республика күні: Егемендік пен бірліктің символы»

18 қазан, 2024

Республика күні – бұл тек мереке ғана емес, сонымен қатар Қазақстан халқының егемендігі мен бірлігінің символы. Филология факультетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Оңғарбаева М.С «6B02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 2-курс студенттері мен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Жастардың ел тарихына және болашағына деген қызығушылығын арттыру. Кездесу барысында патриотизм тәрбиелеу, сондай-ақ қоғамның дамуына және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 17) қол жеткізуге ықпал ететін ұлттық және халықаралық деңгейдегі әріптестікті нығайту мәселелері қарастырылды. Өйткені, жастар – тұрақты дамудың қозғаушы күші, олардың әлеуметтік-экономикалық үдерістерге белсенді қатысуы Қазақстанның болашағын құру үшін аса маңызды.

Куратор-эдвайзер Оңғарбаева М.С. шетелдік студенттерге келесі тақырыптар бойынша презентация дайындады:

  • Қазақстанның егемендік жылдарындағы жүзеге асырылған негізгі саяси және экономикалық реформалар
  • Елдің халықаралық аренадағы жетістіктері, оның ішінде жаһандық серіктестік пен тұрақты дамуға қосқан үлесі
  • Білім беру саласының дамуы, жастардың рөлі және цифрландыру елдің болашақ өсуінің негізгі факторлары

Күні мен уақыты: 18.10.2024 ж.

Өтетін орны: 16.30, 324 ауд.

Формат: Дөңгелек үстел

Эдвайзер: аға оқытушы

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы

Оңғарбаева М.С.