- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазіргі этнология және антропология ғылымдары: өзекті мәселелер мен жаңа зерттеу бағыттары
Қазіргі этнология және антропология ғылымдары: өзекті мәселелер мен жаңа зерттеу бағыттары
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 "Мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастық" бағыты аясында Археология, этнология және музеология кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазіргі этнология және антропология ғылымдары: өзекті мәселелер мен жаңа зерттеу бағыттары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 "Мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастық" бағыты аясында 2024 жылы 8 қазанда Археология, этнология және музеология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Франция Республикасының (CERCEC) «Ресей, Кавказ, Шығыс Еуропа және Орталық Азия» бойынша зерттеу орталығының ғалымдарымен «Қазіргі этнология және антропология ғылымдарының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл ғылыми іс-шарада этнолог және антрополог ғалымдар қазіргі зерттеулердің өзекті мәселелерін талқылады, соның ішінде этнографиялық деректерді жинақтау әдістемелері, антропологиялық зерттеулердегі жаңа тәсілдер және осы ғылымдардың аймақтық аспектілері қарастырылды.