Кафедраның докторанттары халықаралық конференцияда
Фото https://apmath.nuu.uz/ сайтынан алынған
22-24 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласындағы Ұлттық университетте «Қолданбалы математика және ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері – Әл-Хорезми 2024» IX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің математика кафедрасының докторанттары Мұрат Мұхамбетқалиев пен Мөлдір Шазындаева осы ірі ғылыми шараға қатысып, түрлі елдерден келген профессор-оқытушылар құрамына және зерттеушілерге өз ғылыми баяндамаларын ұсынды.
Конференция Үндістан, Франция, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Жапония және басқа да елдерден келген ғалымдар мен зерттеушілерді біріктірді. Мұрат Мұхамбетқалиев пен Мөлдір Шазындаева ҚазҰУ-ды лайықты деңгейде таныстырып, жоғары ғылыми дайындық пен өздері зерттеп жүрген салаларда терең білімдерін көрсетті. Олардың баяндамалары жетекші ғалымдар тарапынан жоғары бағаланып, ұсынылған зерттеулердің өзектілігі мен тереңдігі ерекше аталып өтті.
Конференцияға қатысудың мақсаты – тәжірибе алмасу, қолданбалы математика және ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи сын-қатерлер мен инновацияларды талқылау үшін халықаралық платформа құру, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту. Конференцияға қатысу тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) де тығыз байланысты, атап айтқанда:
ТДМ №4 «Сапалы білім»: Халықаралық конференцияға қатысу докторанттардың дайындық деңгейін арттырып, ғылыми байланыстарды нығайтуға және біліммен алмасу үшін жағдай жасауға ықпал етеді. Қатысушылардың баяндамалары ғылым мен білімді ілгерілетуге қосқан үлестерін көрсетеді.
ТДМ №9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым»: Конференцияда ұсынылған зерттеулер қолданбалы математика және ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа тәсілдерді қарастырды, олар ғылым мен техникада инновациялық шешімдер мен заманауи инфрақұрылымды құрудың негізі бола алады.
ТДМ №17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік»: ҚазҰУ докторанттарының халықаралық ғылыми шараларға қатысуы ғаламдық серіктестікті дамытуға, ғылыми байланыс желісін қалыптастыруға және ғылым мен тұрақты даму саласындағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді.
ҚазҰУ докторанттары халықаралық әріптестерімен тәжірибе және білім алмасу мүмкіндігі үшін конференция ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. Мұрат Мұхамбетқалиев мұндай ауқымды іс-шараға қатысу оның ғылыми қызметіндегі маңызды қадам болғанын және шетелдік зерттеушілермен байланыстарын нығайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мөлдір Шазындаева әр елдің ғалымдарымен ынтымақтастық оның одан әрі зерттеулер жүргізуге және тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге пайдасы тиетін ғылыми жаңалықтар ашуға деген ұмтылысын арттырғанын баса айтты.
Осындай шараларға қатысу ҚазҰУ жас ғалымдарының жоғары деңгейін және университеттің халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысын көрсетеді.
Досмағұлова Қарлығаш Алматқызы,
Математика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары