АЭС САЛУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
02.10.2024 жылы №17-ші ТДМ- «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚазҰУ-нің заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы С.М. Жапаков, з.ғ.к. қауымдастырылған профессоры Б. Қалымбек «АЭС салудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбында Алматы Индустриялық аймағы инженері М. С. Сагаловтың қатысуымен қонақ дәріс өткізді. Қонақ дәріске заң факультетінің ғылыми инновация қызметі және халықаралық байланыс жөніндегі деканның орынбасары Алимкулов Ербол Темирханұлы және кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессор оқытушылары қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Марат Сарқытбекұлы өз дәрісінде атом электр станцияларын салу және пайдалану - әлемдегі көптеген елдер үшін энергия қажеттіліктерін қамтамасыз етудің маңызды стратегияларының бірі екенін, қазіргі уақытта әлем бойынша шамамен 30 елде 440-тан астам АЭС жұмыс істеп тұрғандығын,ал 50-ге жуық жаңа станциялар салынатыны жоспарланатындығына тоқталып, атом энергиясы экологиялық тұрғыдан таза және ұзақ мерзімді энергия көзі ретінде танылған, өйткені оның көмірқышқыл газының шығарылуы өте аз,бұл климаттың өзгеруіне ықпалын азайтуға әсері жайлы сөз қозғады.
Дәріс соңында студенттердің сұрақтарына жауап беріп өз тәжірибесімен бөлісіп, білімгерлерге сәттілік тіледі.