ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ КӨТЕРУ МАҢЫЗДЫ
Үстіміздегі жылдың 02 қазанында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Куаналиева, 4 курс 403 оқу тобының кураторы, аға оқытушы А.А. Есекеева студенттермен бірлесе отырып, ТДМ-1 аясында «Қаржылық сауаттылық: ол неге маңызды және оны қалай арттыру керек» атты семинар өткізді. Мақсатты аудиторияға қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша семинарлар мен курстар өткізу – өте маңызды қадам. Бұл шаралар адамдардың күнделікті өмірде қажетті білім мен дағдыларды игеруіне көмектеседі. Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға және қаржылық тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Қаржылық жоспарлау, бюджетті басқару және құқықтық мәселелер бойынша білім беру тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Әсіресе, жергілікті тұрғындар арасында теңсіздікті азайтып, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге септігін тигізеді.