
2024 жылдың 1 қазанында, «Кедейлікті жою» атты ТДМ 1 шеңберінде, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Ережепқызы Роза заң факультетінің студенттерімен бірге «Кампусте қолжетімді тамақ» атты әлеуметтік жобаның іс-шаралар сериясын аяқтады! Жобаның мақсаты – кампустағы тамақтану жағдайын барлығына қолжетімді, сапалы және пайдалы ету. Бірлесіп екі маңызды іс-шара сәтті жүзеге асырылды.
Студенттердің қажеттіліктерін зерттеу жүргізілді. Біз студенттер арасында сауалнама жүргізіп, олардың тамақтанудағы қалаулары мен қажеттіліктерін анықтадық. Бұл бізге кампус аумағында қандай тағамдар сұранысқа ие екенін және тамақ қолжетімділігін жақсарту үшін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік берді. Қазір бізде тамақтану жағдайын ыңғайлы әрі әртүрлі етуге көмектесетін нақты мәліметтер бар.
Заңнаманы талдау жүргізілді. Студенттер білім беру мекемелеріндегі тамақтануды реттейтін заңнамалық актілерге терең талдау жасады. Олар қолданыстағы нормаларды зерттеп, оларды тәжірибеде енгізу мүмкіндіктерін тапты және университетімізде тамақ сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін ұсыныстар енгізді.
Бұл қадамдар – жоба бойынша әрі қарай жұмыс істеуге берік негіз. Барлық студенттерге белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз! Алда әлі де көптеген қызықты әрі пайдалы бастамалар бар.