ТДМ. № 3 Жақсы денсаулық және әл-ауқат
Үстіміздегі жылдың 18 қазанында «Зиянды әдеттерден аулақ бол» деген тақырыпта геодезия және картография мамандығының 2 курс студенттерімен, эдвайзер З.К.Сарсембекова ашық дәріс тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Студенттерді зиянды заттардан және зиянды әдеттерден сақтандыру, оларға қарсы тұра білуге шақыру. Зиянды заттардың зардаптары туралы нақты мысалдар мен дәлелдер келтіру арқылы студенттрге ой салу.
Дәрісте құмар ойындары, нашақорлық, ішімдік т.б зияны жайлы айтылып қоймай, студентердің күнделікті қолданатын фасфуттар мен газдалған сусындар мен энергетикалық сусындардың адам ағзасына зияны жайлыда көптеген видео роликтармен дәйектер келтіру арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Дәріс барысында денсаулықты күту, оқу мен білім жолындағы ізденістеріңіздің өнімділігін арттыратынын жете түсіндіріп, студенттерге денсаулықты сақтаудың болашақта үлкен пайда әкелетінін еске түсіру болатын.
Адамзат үшін денсаулықты сақтау – аса маңызды. Көп студенттер фастфуд пен энергетикалық сусындарды таңдайды, себебі олар жылдам әрі қолайлы. Бірақ, осы әдеттерден аулақ болу арқылы ұзақ мерзімді денсаулықты сақтауға болатынын айтып бірнеше кеңестер берілді.