Батыс Қазақстандағы су тасқынының себептері мен салдары
Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығының 2-3 курс студенттерімен «Батыс Қазақстандағы су тасқынының себептері мен салдары» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Бұл ТДМ-ның 15 (Құрлық экожүйелерін қорғау) және 13 (Климат өзгеруімен күрес) тармақтарына сәйкес ұйымдастырылған.
Тақырыпқа сәйкес, аталған аймақта зерттеу жұмыстарын жүргізуге атсалысқан метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Ердесбай Алмат Нұрбақұлы арнайы шақыртылды. Ол өзінің баяндамасында Батыс Қазақстанда су тасқынының негізгі себептерін, оның салдарын және шешу жолдарын қарастыру - экожүйені қорғауға және климат өзгерісімен күреске бағытталған маңызды шаралардың бірі деп атап өтті. Сонымен қатар, аталған аймақта жүргізген жазғы зерттеу жұмыстарымен таныстырып, көптеген бейнетаспаларды студенттер назарына ұсынды.
Студенттер елімізде кездесетін әртүрлі табиғи және техногендік қауіптерді болжау, алдын-алу және себеп-салдарымен күресу саласының болашақ мамандарына қажетті көптеген мағлұматтар алды.