Археологиялық барлау қорытындылары

7 қыркүйек, 2024

Тұрақты даму мақсатының №4 «Сапалы білім» бағыты аясында Күршім ауданында, Аманат ауылынан солтүстікке қарай 16 км жерде Қиын Керіш мекенінде Омаров Г.К. барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жергілікті тұрғындардан алынған бұзылып жатқан жерлеу орны туралы ақпарат тексерілді. Болжамды жерлеу орнын тексеру кезінде жыраның батыс қабырғасында қираған қабірдің шеті табылды. Қабірден түсіп қалған бірнеше сүйек радиокөміртекті анализге алынып, Вильнюс қаласындағы (Литва) Физикалық ғылымдар және технологиялар орталығы зертханасына жіберіліп, жерлеудің V–VI ғасырдың бірінші жартысына жататындығы анықталды.