- Басты бет
- Жаңалықтар
- “Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education” (CITech-2024) конференциясындағы «Теориялық және қолданбалы механика» және «Ғарыштық технологиялар және роботты жүйелер» секциялары
“Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education” (CITech-2024) конференциясындағы «Теориялық және қолданбалы механика» және «Ғарыштық технологиялар және роботты жүйелер» секциялары
23-24 қазан күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына және академик Ш.С.Смағұловтың 75 жылдығына арналған «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education» (CITech-2024) атты Халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияның ашылуын Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының Президенті, академик Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы салтанатты түрде өткізді. Механика-математика факультеті, механика кафедрасының ф.м. -ғ.д., профессор, ҚР ҰИА академигі Қалтаев Айдархан Жүсіпбекұлы және басқа да академик, профессор, ғалымдар пленарлық баяндама жасады.
Конференцияның 2-күні «Теориялық және қолданбалы механика» секциясы бойынша: механика кафедрасының ф - м.ғ.к., доценті Кунакбаев Тулеген Оспанович; т.ғ.д., профессоры Жапбасбаев Узак Каирбекович, «Механика» мамандығының 1 – курс докторанты Асан Балнұр, «Механика және энергетика» мамандығының 2 - курс магистранттары Айтхожа Жансая және Рымқұл Ерсултан өз баяндамаларын жасады.
«Ғарыштық технологиялар және роботты жүйелер» секциясынан т.ғ.к. Ералиев Абылай Кабекович; т.ғ.д., профессор Байгунчеков Жумадил Жанабаевич, «Деректер туралы ғылым» мамандығының 3 – курс бакалавры Тоқтасын Мирас, «Робототехникалық жүйелер» мамандығының 2 - курс докторанты Сулейменов Мади баяндамаларын жасады.
Секция модераторы механика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Ахметова Балжан Ибрагимқызы болды. ДМА 4 «Сапалы білім беру», ДМА 9 «Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым», ДМА 17 «Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестіктер» бойынша ғылыми конференциялар ғылым әлеміне есік ашады, жаңа ашылуларға шабыттандырады және байланыс орнату үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.Біз халықаралық конференцияларға қатысқан табысты ғалымдармен танысып, олардың тәжірибелерімен бөлістік.
Ахметова Балжан Ибрагимқызы,
Механика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары