Республика күніне арналған іс-шара

22 қазан, 2024

21.10.2024 күні Қызыл залда сағат 13:00-де мехматтың Республика күніне арналған саяси шарасы өтті. Жүздесуде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Исабеков Ақылбек Қашқынұлы «Республика күні – бұл елдікке бастаған еліміздің ең алғаш өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жариялануына декларация қабылдаған күн» тақырыбында қызықты әңгіме дүкен құрды.

«Қабылданған декларация – Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасын қалаған құжат. Декларацияның қабылдануымен ел егемендігі мәлім етілді, жеке территориясы, азаматтарының құқығы сақталған, мемлекеттік бюджетке ие, территориясының тұтастығы, халықаралық қатынастардағы дербестігі жарияланды. Бұл акт арқылы жаңа Қазақстанның негізі қаланды» – деген айташы – Республика күні – еліміздің ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің негізін қалаған, мемлекетіміздің саяси тәуелсіздікке қарай бет алған алғашқы қадамдарының бірі болған күн ретінде ерекше маңызға ие екенін, Декларация Қазақстанның халықаралық құқықтық субъектілігін, ұлттық мүдделерін қорғау құқығын және ұлттық валютаны енгізу мүмкіндігін анықтады, мемлекеттік рәміздері бекітілгенін, сондықтан бұл күннің Қазақстанның маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі екенін атап өтті.

Кездесуге қатысқан тыңдаушылар да аталып отырған Республика күні – Қазақстан Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін паш еткен, біздің мемлекетіміздің жаңа дәуірі басталған, студент жастар үшін, әрі әр қазақстандық үшін патриоттық сезімді нығайтып, мемлекетіміздің болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін ұлттық мереке екенін түсініп қайтты.

Республика күнін талқылау ЦУР 16: Тыныштық, әділеттілік және тиімді институттар үшін маңызды екенін атап өтті. Қабылданған декларация тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудың негізі болды, бұл құқықтық негіздің қоғамдағы тыныштық пен әділеттілікті қолдайтынын көрсетеді. Студенттердің осындай кездесулерге қатысуы институттардың құқықтар мен бостандықтарды қорғаудағы рөлін түсінуге септігін тигізеді, бұл мемлекет тұрақтылығы мен дамуы үшін өте маңызды.

Студенттер мен оқытушыларды Республика күнінің маңыздылығын талқылауға тарту ЦУР 17: Мақсаттарға жетуде серіктестік принциптеріне сәйкес қоғамдық бірлікті және ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Бұл іс-шара идеялармен алмасуға және мақсаттарға жету үшін серіктестіктер құруға мүмкіндік берді. Елдің болашағына патриотизм мен жауапкершіліктің маңыздылығын түсіну адамдарды біріктіріп, қоғамды құру үшін бірлескен әрекеттерге ынталандырады.

Абенов Болат Құсаинович

Механика-математика факультетінің аға кураторы