2024 жылдың 26 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Рекреациялық география және туризм кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Алматы облысы Жамбыл ауданында орнадласқан, кафедраның 2002 жылғы түлегі Айбол Сейдалиевтің «Ранай Фарм» агротуризм шаруашылығы мекемесіне экскурсиялық іс-сапар ұйымдастырды (ТДМ 2 бойынша: Аштықты жою).
Экскурсия барысында аумақта жылқы өсіруге ғана емес, сонымен қатар суда жүзуге, балық аулауға, алма ағашын өсіру, жылыжайларға арналған аймақтар бар екендігі туралы ақпарат берілді. Мекеме аумағында екі кісілік бөлмелерді көрсетіп, кондиционер және басқа да жайлы заттардың орнатылғанын көрсетті. Мамыр-қыркүйек аралығында шаруашылық күніне 80 адамға дейін саумал ішуге мүмкіндік жасайтынын жеткізді.
Кафедра түлегі шаруа қожалығын дамытудағы тәжірибесімен бөлісті, шаруа қожалығын дамытудың неше түрлі нұсқаларын (түйе, тауық, қой, жылқы, жылыжай) қолға алғанын, дұрыс және бұрыс жақтарымен таныстырды. Шаруашылық иесінің көптеген жоспарлары мен идеялары бар, ол үнемі білім алып, семинарларға қатысып, туризмді дамыту бойынша түрлі қауымдастықтар мен мамандармен байланыс орнатып, АҚШ-та «Даму» оқу бағдарламасын аяқтаған. Университетімізде алған жоғары білімі оның жұмысына көп көмегін тигізетіні айтылды.
Әңгімелесу барысында кафедра оқытушылары Алматы облысында агротуризмді дамыту бойынша зерттеулерімен бөлісіп, агротуризмнің инновациялық әдістері мен формаларын талқылап, мүдделі тараптардың байланыстарымен бөлісті. Кездесу өте қызықты және нәтижелі болды. Сондай-ақ өнімдердің дегустациясы ұйымдастырылды