Германиядан келген профессорлардың сапары
.jpeg)
2024 жылғы 30 қыркүйекте Әл-Фараби атындағыҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінеГерманиядан келген профессорлар Prof. NativadadMartinez Madrid (Reutlingen University) және Prof. Dr. Rer. nat. Ralf E.D. Seepold (Hochschule Konstanz) іс-сапаржасады. Профессорлар медицина және денсаулық сақтауфакультетінің деканы С.Б. Қалмахановпен және денсаулықсақтаудағы саясат және ұйымдастыру кафедрасыныңмеңгерушісі Г.Ж. Капановамен кездесті. Кездесу барысындамедицинада IT-технологияларды дамыту мәселелері, магистратура мен докторантура деңгейінде денсаулықсақтаудағы компьютерлік ғылым саласындағы бірлескенбағдарламаларды әзірлеу мүмкіндіктері, бірлескензерттеулер жүргізу және халықаралық жобаларға қатысу, сондай-ақ университеттердің одан әрі ынтымақтастығыныңперспективалары талқыланды.
2024 жылғы 1 қазанда Германиядан келген әріптестермедицина және денсаулық сақтау факультеті мен ақпараттық технологиялар факультетінің студенттерінеарналған «AI in Healthcare and Medicine» дәрісін оқыды.Профессорлар Германияның үлкен деректерді жинау, өңдеужәне визуализациялау үшін жасанды интеллектті енгізу, клиникалық тәжірибеде компьютерлік технологиялардықолдану тәжірибесі туралы айтты. Дәріс барысындатыңдаушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибеалмасты. Әрі қарай профессорлар жасанды интеллект жәнеBig Data кафедрасының меңгерушісі М.Е. Мансуроваменбірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерінталқылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім және ғылымсаласында бүкіл әлемдегі университеттермен сыртқыбайланыстарды белсенді дамытуда. Одан әрі жемістіынтымақтастыққа үміттенеміз!
Басқа жаңалықтар


