ТДМ-4: «Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

26 қыркүйек, 2024

 

         2024 жылғы 26 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы, еңбек құқығы кафедрасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша «Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

                Аталған дөңгелек үстелге  заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ахатов У.А.,  Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек  құқық кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының докторы, профессор Сулейменова С.Ж., осы кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD докторы  Мырзатаев Н.Д., студенттік заң клиникасының директоры Бакиров Д.А. және басқа да шақырылған қонақтар қатысты.    

                Дөңгелек үстел барысында студенттік заң клиникасының директоры Бакиров Д.А. сөз сөйлеп, жастарға мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері мен қағидалары туралы қысқаша түсінік берді.