Гендерлік теңдік – ұлттың тұрақты болашағына апаратын жол

29 қазан, 2024

2024 жылдың 22 қазанында рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Сапиева Акмарал Женисбаевна  "Туризм" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен тұрақты даму мақсаттарына байланысты, басқа этностар арасында "I love KazNU" челленджін ұйымдастырды.

Челленджді өткізу барысында әртүрлі этностардың арасында "I love KazNU" сөзі әртүрлі ұлттардың өз тілдерінде айтылды. Бұл челлендж ұлттардың бір біріне деген сүйіспеншілігін, достық қарым-қатынасын нығайта түсіретіні сөзсіз. Мұндай теңдікке қол жеткізу тұрақты даму, экономикалық өсу және әлеуметтік әділеттілікті нығайту үшін маңызды мақсат болып келеді. Ол үшін білім, саясат және мәдениеттегі өзгерістер қажет. Сонымен қатар, челленджді өткізудің негізгі мүдделерінің бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне деген сүйіспеншілікті арттыру және басқа этнос өкілдері арасында бауырмалдық пен достықты нығайту. Мұндай теңдікке қол жеткізу тұрақты даму, экономикалық өсу және әлеуметтік әділеттілікті нығайту үшін маңызды мақсат болып табылады.

Бұл челленджде елімізде гендерлік теңдікке кедергі келтіретін шектеулер жоқ екендігі атап өтілді: әрбір азаматтың білім алуға, өз пікірін еркін білдіруге және кез келген салада кәсіби дамуға тең құқығы бар. Студенттер қоғам өміріндегі гендерлік теңдіктің маңыздылығын талқылай отырып, осы тақырып бойынша өз идеялары мен ойларын енгізді.

Толығырақ: https://www.instagram.com/reel/DBsOYacIC5w/?igsh=YTdxc3psNm9qcGFp