«Қазақ прозасының даму тарихы мен әдебиеттанудағы жаңа бағыттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

29 қазан, 2024

2024 жылдың 29 қазанында 4-ТДМ «Сапалы білім» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ прозасының даму тарихы мен әдебиеттанудағы жаңа бағыттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция модераторы ф.ғ.д., профессоры Өмірхан Әбдиманұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, кіреспе сөз сөйледі. Конференцияға Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, Қазақстан халық жазушысы Смағұл Елубай, ф.ғ.д., профессор Аслан Жақсылықов, ф.ғ.д., профессор Сәуле Ержанова, ф.ғ.к., доцент Сәлима Қалқабаева, ф.ғ.к., профессор м.а. Болатхан Сарбасов, ф.ғ.к., С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің доценті Айымгүл Сейпутанова, Өзбекстан Республикасы Гүлстан мемлекеттік университетінің доценті, PhD Бағдат Оразов, Түркия Республикасы Фырат университетінің профессоры, Dr. Ержан Алкая қатысып, кемеңгер тұлға, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің оқырман қауымға танымал романдарының терең философиясы, жазылу тарихы мен өзге тілдерге аударылу мәселесі, оқырман мен автор байланысы туралы, сондай-ақ тіл мен әдебиетті оқыту мәселелері және әдебиеттің теориялық аспектілері жөнінде баяндама жасады. Конференцияға ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысты. Аталмыш конференция қазақ прозасының даму тарихы мен бүгінгі күндегі әдебиеттанудың жаңа бағыттары жөніндегі өзекті мәселелерді талқылауға мол мүмкіндік берді.