- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Студенттердің сапалы білім алуы мен кәсіби тұрақтылығын дамыту» тақырыбында ашық топ сағаты өткізілді.
«Студенттердің сапалы білім алуы мен кәсіби тұрақтылығын дамыту» тақырыбында ашық топ сағаты өткізілді.
29 қазан 2024 ж. География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы Асен Н.Қ. мен «Кадастр» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен «Студенттердің сапалы білім алуы мен кәсіби тұрақтылығын дамыту» тақырыбында ашық топ сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге білім алу мен кәсіби біліктілікті дамытудың маңызын көрсету, мамандық бойынша кәсіби тұрақтылықты сақтаудың экономикалық тиімділігін түсіндіру. Кадастр мамандығының жұмыс жасау принциптері мен болашағы туралы пікір алмасу.
Топ сағаты барысында барысында білім алушылар кәсіби бағдарлау, практикалық тәжірибе, дағдыларды дамыту, инновациялық оқыту әдістері, карьералық дамуды жоспарлау, жұмыстағы психологиялық қолдау, әлеуметтік байланыстар сынды тақырыптарды қозғады. Білім алушылар болашақ кадастр мамандары ретінде, бастапқы кезең, яғни, мамандық таңдау кезінде дұрыс бағыттау мен оларға әртүрлі салалар туралы ақпарат беру, кәсіптік тәжірибеден өту және менторлық бағдарламалар ұйымдастырудың маңыздылығын талқылады.
Кадастр мамандығы қазіргі уақытта қоғам үшін маңызды және болашағы зор салалардың бірі болып саналады. Бұл мамандық жерді, жылжымайтын мүлікті, табиғи ресурстарды есепке алу, тіркеу, бағалау, және оларды тиімді басқару сияқты функцияларды қамтиды. Кадастр мамандары жер учаскелерінің шекараларын анықтау, олардың құқықтық мәртебесін белгілеу, жер пайдалануды жоспарлау сияқты көптеген маңызды жұмыстарды атқарады.
Кадастр мамандығының болашағы зор. Заманауи технологиялардың дамуына байланысты, кадастрлық жүйелер цифрлық форматқа ауысып, автоматтандыру процестерін енгізу арқылы, ақпараттың қолжетімділігін арттырады. Сонымен қатар, жер ресурстарын нақты бақылауда, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) мен ғарыштық суреттерді қолдану кадастр мамандары жердің жағдайын анықтауға көмектесетінін көрсетеді.
Бұл мамандық өз маңыздылығын тек сақтап қана қоймай, болашақта жаңа технологиялар мен әдістердің пайда болуымен жаңа мүмкіндіктерге ие болатыны анық.