ТДМ 4 «Cапалы білім беру» аясындағы мастермайнд кездесуі

30 қазан, 2024

2024 жылдың 29 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде «Сапалы білім» атты ТДМ 4 бағдарламасы аясында Джеймс Клирдің «Атом әдеттер» кітабын талқылауға арналған мастермайнд кездесуі өтті. Кездесуге алдын ала кітапты оқыған магистранттар, докторанттар және оқытушылар қатысты. Шараны метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушылары А.К. Мусина мен Ж.А. Жанабаева ұйымдастырды.

Кездесу барысында қатысушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлектерінің компетенттік портретін талқылап, кітап жайлы пікірлерін бөлісіп, өмірлерінде қолдануға болатын практикалық кеңестермен алмасты. Сонымен қатар, қатысушылар зерттеу қызметінде өздеріне көмектесетін әдеттері туралы айтып берді. 

«Сапалы білім» атты ТДМ 4 бағдарламасы аясында өткізілген кездесу жеке тиімділік пен кәсіби өсу үшін пайдалы әдеттерді енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Студенттер мен оқытушылар Джеймс Клирдің кітабындағы идеяларды тұрақты дамуды қолдай отырып, компетентті мамандар даярлау тұрғысынан талқылау мүмкіндігіне ие болды. Кітаптан алынған кеңестер зерттеу қызметінде қажетті дағдыларды қалыптастыруда және сапалы әрі үздіксіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған тұрақты даму мақсаттарымен үйлесті.