Sporting superstitions

30 қазан, 2024

2024 жылы, 30-қазан күні Филология факультетінің 320-шы аудиториясында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2 курс студенттері “Sporting superstitions” тақырыбы бойынша ашық семинар өткізді. Сабақ барысында ырым-тиымдардың шығу тегі мен спортшылардың психикалық жағдайына әсері зерттелді. Сабақ әлемге әйгілі ырым-тиымдардың шығу тарихы жайлы басталып, кейін студенттер сол туралы постер қорғады. Студенттер топтық пікірталастарға белсенді қатысып, өздерінің жеке тәжірибелерінен немесе атақты спортшылардың әйгілі ырым-тиымдарынан мысалдар келтірді. Содан кейін рөлдік ойын өткізілді, онда студенттер спортшыларды, жаттықтырушыларды және психологтарды бейнелеп, нәтижеге жетудегі ырым-тиымдардың рөлін талқылады. Сабақ тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қамтып, сабақта студенттердің сол дағдыны дамытуына көңіл бөлінді.
Ұйымдастырған:  Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Нұрланғазықызы Балнұр