- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 17. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА
ТДМ 17. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА
2024 жылдың 29 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырдағы қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған «Қазақ прозасының даму тарихы және әдебиеттанудағы жаңа бағыттар» атты халықаралық конференция өтті. Отандық ғалымдар мен Түркия, Өзбекстан елдерінен байланысқа шыққан ғалымдар өз баяндамаларында дара қаламгердің туындыларына жоғары баға беріп, әлемдік әдебиеттің үздік шығармаларына айналған құнды дүниелер екендігіне тағы да тоқталды.
Жиынға қатысып отырған жас ғалымдар мен докторанттарға дара суреткердің шығармаларында әлі де зерттелуге тиісті тың аспектілердің көптігі айтылды. Конференция соңында факультетімізде «Әдебиеттану» мамандығында оқитын 1 курс студенттері дайындаған Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парызынан» көрініс қойылды. Жазушы шығармасындағы өзекті ойды Жәдігер мен Әзім т.б. образдар арқылы шебер жеткізе алған студенттер өнеріне көрермендер дән риза болды.
Аталған шараға арнайы шақырылған Жүргенов өнер академиясының профессоры, Қазақстан халық жазушысы Смағұл Елубаев «Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әлемі» атты мазмұнды, мағыналы баяндамасында жазушы шығармаларының суреткерлік шеберлігіне тоқталып, қызықты деректермен бөлісті. Студенттер үшін тәрбиелік маңызы зор, осындай іс-шаралардың берері мол демекпіз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
профессор м.а. филология ғылымдарының кандидаты
Сарбасов Болатхан Серғазыұлы