«Туризм» мамандығының студенттері «Қызыл ормалды Шынарым» қойылымын тамашалады

30 қазан, 2024

2024 жылғы 30 қазан күні География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы Әділбай Б.С. жетекшілігімен «Туризм» мамандығының 1-ші курс студенттері тұрақты дамудың бесінші мақсаты: «Гендерлік теңдік» және он алтыншы мақсаты:  «Бейбітшілік, сот әділдігі мен мықты институттар» аясында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, аты аңызға айналған қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды Шынарым» туындысы бойынша сахналанған қойылымды тамашалады.

Шығармада өткен ғасырдың 60-жылдарында Тянь-Шань тауларының бөктерінде, Қырғыз жеріндегі Долан асуында өткен оқиға сипатталады. «Қызыл орамалды шынарым» қойылымы бұйырған баққа ризалық білдіріп, жеңіл ләззаттың арбауына түспеуге итермелейді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегендей, танымал шығарма көрермен қауымға өмірді бағалау туралы ой тастайды.

Студенттер театр өнерінен ләззат алып, көңілдерін сергітіп қайтты. Мұндай мәдени іс-шаралар студенттердің шығармашылық ойлауын дамытып, болашақ мамандардың көкжиегін кеңейтетіні сөзсіз.