"Қалалардағы климат мәселесін шешуге жастардың қатысуы" атты қонақ дәрісі өтті

31.10.2024 жылы ТДМ-11 "Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету" бағдарламасын іске асыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Сағынаев М.Е. Каспий қоғамдық университетінің "Әділет" Жоғарғы Құқық мектебінде "Қалалардағы климат мәселесін шешуге жастардың қатысуы" тақырыбында қонақ дәріс өткізді. Дәріс "Caspian Dream Team" грант бөлімінің бірінші курс студенттері үшін өткізілді.
Дәріс БҰҰ жариялаған және жыл сайын 31 қазанда атап өтілетін "Дүниежүзілік қалалар күні" аясында өткізілді. 2024 жылы БҰҰ бұл күнді "Жастар климат мәселелерін шешуге және қалалардың мүддесі үшін жергілікті іс-қимылдарға жетекшілік етеді"ұранымен өткізеді. М.Е. Сағынаев қатысушыларды 2014 жылы басталған БҰҰ-ның "Urban October" бағдарламасымен таныстырды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - жастарды қалалық шешімдер қабылдау үдерістеріне тарту, жастарға олардың шығармашылығын, инновацияларын және қалалардың тұрақты дамуына бейілділігін пайдалануға мүмкіндік беру.
Қызығушылық танытқан тыңдаушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, лектор өз тәжірибесімен бөлісті, жастардың қалаларды тұрақты дамыту бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктеріне қатысты халықаралық және ұлттық заңнаманың ерекшеліктерін түсіндірді.