QS Higher Education пре-саммитіне қатысу: Asia Pacific 2024

2 қараша, 2024

1 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де QS Higher Education: Asia Pacific 2024 атты пре-саммит өтті. Аталған іс-шара жоғары білім беру саласындағы өзекті өзгерістер мен оқыту процесіне енгізуге болатын жаңалықтарды талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға әлемнің жетекші университеттері мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының көптеген өкілдері қатысты.


Саммит барысында қатысушылар білім беру саласының түрлі мәселелерін талқылауға және танысуға мүмкіндік алды.
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығының кафедрасы з.ғ.д., профессор Сүлейменова С.Ж. және з.ғ.к., доценті Нұрахметова Г.Г., пре-саммит басты ұйымдастырушылардың бірі, жетекші QS кеңесшісі, Dr. Shadi Hijazi және консалтингтік жобалардың үйлестірушісі Дара Бухтоваровамен кездесті. QS өкілдері университеттерге қатысты және келешекте қандай бағытта даму жолын тандауға қатысты құнды ұсыныстармен бөлісті. Бұдан басқа, олар екі дипломдық білім беру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысты басқа университеттермен құқық саласындағы өзара ынтымақтастық және байланыс орнату мәселелерін қарастырды.