Жоғары білім саласындағы халықаралық диалог: QS Пре-саммиті

2 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім беруді дамыту мәселелеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 саммиті өтті. Бұл халықаралық іс-шара QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Іс шараға QS Quacquarelli Symonds талдау агенттігінің Бас коммерциялық директоры Джейсон Ньюман, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев және басқа да өкілдер қатысты.

Іс-шара барысында министр Саясат Нұрбек отандық университеттердің жоғары білім және ғылым саласындағы ағымдағы қызметі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, талқылауға Қытай, Малайзия, Индонезия, Әзірбайжанды қоса алғанда, 150 елден 350 ЖОО ректорлары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен қазақстандық жоғары білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Заң факультетінің деканы У. А. Ахатов пен кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Қуаналиева БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контекстінде халықаралық ынтымақтастықты талқылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысушылармен тығыз байланыс орнатты.