ПРОФЕССОР К.Ә. ӘБЖАНОВТЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
2024 жылғы 31 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң ғылымдарының докторы, профессор Көбен Әбжановтың 95 жылдығына орай «ЕАЭО елдеріндегі еңбек заңнамасын реформалау және цифрландыру жағдайында еңбек шарты мен келісімшартты жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Іс-шараны ҚазҰУ заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы кафедрасы ұйымдастырды.
Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тәжірибесін ескере отырып, еңбек шарты мен келісімшарт институттарын талқылады. Қатысушылар арасында қазақстандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы болды.
Конференция БҰҰ ТДМ-17 аясында еңбек заңнамасын жақсартудың ғылыми негіздері мен тәжірибелік мәселелеріне қатысты пікір алмасу алаңына айналды. Онда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы еңбек қатынастары саласындағы заманауи сын-қатерлерді талқылауға белсене қатысып, цифрландыру жағдайында еңбек келісімшарттарын одан әрі дамыту саласында көптеген ұсыныстар жасады.