- Басты бет
- Жаңалықтар
- Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту.
Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту.
28 қазан 2024 жылы “Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту” БҰҰ ТМД №5 Дискуссиялық отырыс және конференция өткізілді қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н.Тілепбергенов және Елтұтқа клубының мүшелері мен, Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлықты қоғамдық және жеке салаларда, атап айтқанда адам саудасы мен сексуалды және басқа да пайдаланудың барлық нысандарында жою туралы дискуссиялық отырыс өткізілді.
Әйелдердің теңдігіне, қауіпсіздігіне, бостандығына қатысты, барлық адамдардың абыройы мен жеке басының дербес құқықтылығына қатысты құқықтары мен қағидаларын жан-жақты қолданудың көкейкесті қажеттілігін мойындай отырып, аталмыш құқықтар мен қағидалардың халықаралық құжаттарда, оның ішінде адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясында, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактісінде, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактісінде, әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Конвенцияда және азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысын таптайтын іс-әрекеттер мен жазаларға қарсы Конвенцияда бекітілгенін атап өте отырып доцент Тілепбергенов дискуссиялық отырысты өрбітті.
Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Конвенцияның тиімді түрде жүзеге асырылуы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түбегейлі жойылуына септігін тигізетінін және осы қарарда берілген әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жою туралы Декларация осы үдерісті бекіттілуі қажет
Конференцияның мақсаты «әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық» терминінің мағынасы жыныстық белгі негізінде жасалған және әйелдерге физикалық, жыныстық немесе психологиялық залал келтіретін немесе жапа шектіретін кез-келген зорлық-зомдылық іс-әрекеті, сондай-ақ осындай іс-әрекеттерді жасауға қоқан-лоқы көрсету, қоғамдық немесе жеке өмірінде болсын мәжбүрлеу немесе ерікті түрде бостандығынан айыру дегенді білдіреді.