«Студенттік заң клиникасының қызметімен танысу»
2024 жылғы 28 қазанында студенттік заң клиникасының директоры Д.Бакиров әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-ның заң факультетінің 3 курс студенттерімен стунденттік заң клиникасының қызметімен таныстыру мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттік заң клиникасының директоры Бакиров Д.А. сөз сөйлеп, жастарға студенттік заң клиникасының қызметі, мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша түсінік берді. Сонымен бірге, кездесу барысында студенттік заң клиникасының қызметінің әлеуметтік маңыздылығы атап өтілді.
Аталған кездесуге азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, PhD докторы Мырзатаев Н.Д. қатысып, студенттерге заң клиникасымен бірге атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.