БАРЛЫҒЫН ҚАМТИТЫН ЖӘНЕ ӘДІЛ САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ БАРЛЫҒЫНА ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ

12 қазан, 2024

2024 жылғы 12 қазанда ҚазҰУ заң факультетінде "Сапалы білім беру және баршаға өмір бойы білім алу мүмкіндігін көтермелеу" тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараны №4 ТДМ іске асыру шеңберінде кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастырды.

Кездесуге кафедра меңгерушісі, профессор Г.А. Қуаналиева, PhD докторы Г.К. Рашева, аға оқытушы Э.Куандыкова, аға оқытушы з.ғ.к. Токтыбеков Т.А., студенттік заң клиникасының директоры Д.Бакиров қатысты. Қытайдан келген заң факультетінің магистранттары алғашқы білім алып жатпағандықтан іс шараға белсенді қатысты.

Кездесу барысында Қытайдан келген магистранттар үшін заң факультеті, студенттік заң клиникасы бойынша экскурсия өткізілді, оларды Қазақстанда құқықтанудың қалыптасу тарихы бойынша сұрақтар қызықтырды, оларға толық жауаптар, сондай-ақ естелік фотосуреттер берілді.