Рекреациялық география және туризм кафедрасы QS Higher Ed Summit: Asia Pacific 2024 қатысушыларына экскурсия ұйымдастырды.

4 қараша, 2024

2024 жылдың 2 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы QS Higher Ed Summit: Asia Pacific 2024 Саммит іс-шараға қатысушыларға экскурсиялық саяхат ұйымдастырды. Экскурсия аясында қонақтар Алматының көрікті жерлері – Көк-Төбе және Медеу мұз айдыны объектілерімен танысып қайтты.

Экскурсия қатысушыларға аймақтың табиғаты мен көрікті жерлерін тамашалауға мүмкіндік берді. Көк-Төбеде қонақтар Алматының панорамалық көрінісін тамашалап, қаланың мәдени-тарихи ерекшеліктерімен танысты. Медеу мұз айдыны қатысушыларды өзінің ауқымдылығымен және ерекше табиғи жағдайларымен тәнті етті. Кафедра оқытушылары мен тәлімгерлері гид қызметін атқарып, аталмыш орындардың өңірдің туризмі мен экологиясы үшін маңызы туралы жан-жақты әңгімеледі.

Іс-шара халықаралық байланыстарды нығайтуға және университетімізді әлемдік білім беру аренасында ілгерілетуге бағытталған бағдарламаның маңызды бөлігі болды. Экскурсия саммитке қатысушы түрлі елдер мен оқу орындары өкілдерінің тәжірибе алмасуына да ықпал етті. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар тұрақты туризмге назар аударуға және халықаралық деңгейде академиялық ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетінін атап өтті.