Әлемдік тәжірибедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
29 қазан 2024 “Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар" БҰҰ ТДМ No16 іске асыру шенберінде қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доцентті О. Н.
Тілепбергенов және “Елтұтқа”клубының мүшелері “Әлемдік тәжірибедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” тақықырыбында пікір-талас ұйымдастырып, әлем елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірбиесінің маңыздылығы талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания сияқты еуропалық елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық нормаларды сақтауы – мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің кепілі.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуғаболатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарама- қайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді.