30 қазан күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында және «Таза су және санитария», «Жақсы денсаулық пен әл-ауқат» атты Тұрақты Даму Мақсаттарын іске асыру үшін аға оқытушы Ердесбай Алмат Нұрбақұлының жетекшілігімен гидролог-студенттердің қатысуымен «Таза маршрут» экологиялық күні өтті. Шараның мақсаты — студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру және табиғат алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру.
Студенттер Кіші Алматы өзенінің бойындағы Терренкурды пластикалық бөтелкелерден, пакеттерден және басқа қалдықтардан тазартып, оларды фандоматтарға тапсырды. Сондай-ақ қатысушылар таза ауада дене жаттығуларын жасап, экологиялық күнді пайдалы әрі қызықты етті. Маршрут соңында қатысушылар Медеу бөгетін де тамашалады.
«Таза маршрут» экологиялық күні жастардың табиғатқа қамқорлығы мен салауатты өмір салтына ұмтылысын көрсетті.